«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» атты республикалық педагогикалық шеберхана алаңы

2023 жылдың 17 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдық мерейтойына орай «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» атты республикалық педагогикалық шеберхана алаңы өтті. Педагогикалық шеберхана алаңына 100-ден аса елорданың жас педагогтері қатысты.

БИЛ-дің оқу, тәрбие және дарындылықты дамытуды табысты жүзеге асыруындағы отыз жылдық қордаланған тәжірибесімен бөлісу және заманауи талаптарға сай үлгілерін көрсету, қатысушылармен байланыс жасау және тәжірибе алмасу мақсатында 7-сыныпта қазақ тілі, география, Қазақстан тарихы пәндерінен «Табиғи апаттар және олардан сақтану» сабағын Рамазанова Нургуль Жакияновна, Жатакбаева Гулькайын Умытхановна, Оспаналиев Елдос Бакытжанұлы; қазақ тілі, биология, орыс тілі пәндері бойынша 8-сыныбында «Дені саудың-жаны сау» сабағын Естемесова Саним Барлыкбаевна, Ахметжанова Толқын Сайлаухановна, Сейфуллина Жанар Акылбековна; физика, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндері бойынша 9-сыныбында «Су күйлері» сабағын Өтеген Ғалымжан Қайратұлы, Сейілбаева Молдир Бекетаевна, Мажибиева Бағила Жалғасқызы мұғалімдері кіріктірілген сабақ түрлерін өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар құндылықтарға негізделген білім беру шеңберінде жас сынып жетекшілеріне арналған шеберханада лицейдегі 10-сынып жетекшісі Мауқанов Нұрсұлтан Жанғалиұлы, ата-ана Сыдыкова Алма Саиновна, олимпиадаға дайындық түрлері бойынша Муаммер Гуль, дарындылықты дамыту қырлары Рахимова Гульнар Мизинбаевна, кәсіби бағдар беру жұмысының ерекшеліктері туралы Корганов Русланбек Хамзебекович жас мамандарға керекті ақпараттармен бөлісіп, кері байланыстың форматтарымен Кусаинов Ризабек Менжасарович, Саруар Сержан Женісханұлы, Ибраимова Эльмира Сейдазымовна таныстырып, жұмыс соңында жас мамандар шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған