БЖБ мен ТЖБ жұмысын құрастыруды үйрету және талдау

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың  әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен химия, биология, география пәндерінің жас мамандарына «БЖБ мен ТЖБ жұмысын құрастыруды үйрету және талдау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға 58 жас маман қатысты.

Мақсаты: БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау жолдарын  талдау, құрылған тапсырмаларға  саралау жұмыстарын жүргізу.

Семинар барысында Орталықтың әдіскері Ш.Шакирова, химия пәнінің мұғалімі  Ж.Мусаханова,    биология пәнінің мұғалімі  А.Дүйсеева, география пәнінің мұғалімі Х.Який  жас мамандарды топтарға бөліп, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау туралы теориялық мағлұматпен бөлісті.

Практикалық бөлімде  жас мамандар топқа берілген тақырыптарға сәйкес БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастырды.

 Семинар соңында  жас мамандар  кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған