СҰРАҚТАР ПЫСЫҚТАЛЫП, КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету – бүгінгі заманның басты талабы. Уақыт ағымына сай тың жаңалықтардан хабардар болу, оқушыға тек қажетті ақпаратты беру, сабақ беру процесін күрделендірмей, барынша жеңіл етіп өткізу үшін де ұстаздарға әдістеме қажет. Сондай шараның бірі бүгін, әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен  2023 жылдың 13 қазан күні, №19 орта мектебінде өтті.

Бұл ретте пән мұғалімдерінің сабақты ұйымдастыруына, формативті бағалауды дұрыс жүргізуіне, оқытудың тиімді әдістеріне, сабақтың мақсат-міндетіне мән беріліп, сәйкесінше, әдістемелік көмек көрсетіліп, тиімді кері байланыс орнатылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған