«Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қалалық кезеңі

Қазіргі таңда елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу өзекті мәселердің бірі.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл сайын қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

2023 жылдың 13 қазанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік әдістемесін айқындауға бағытталған «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі өткізілді.

Тәжірибелі педагогтер, педагогикалық шеберлік бойынша кәсіби байқаулардың жеңімпаздары, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, сондай-ақ білім саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан құрылған сараптамалық комиссия мүшелері қазақ тілін оқытудың әртүрлі әдістерін шебер-сыныптарда, тренингтерде іс жүзінде қолданып жүрген,  мемлекеттік тілде оқымайтын студенттерге қазақ тілін оқытатын колледж педагогтерінің ұсынған тәжірибелерін бағалауды жүзеге асырды.

Байқау қорытындысы бойынша «Қазақ тілін оқытудың үздік әдістемесі» байқауының республикалық кезеңіне «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Джанузакова Алмагүл Керейовна жолдама алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *