Әдістемелік көмек

2023 жылдың 6 қазан күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №5 мектеп-гимназиясы педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Орталықтың әдіскерлері сабақ кестесіндегі пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. Атап айтар болсақ, төмендегі көрсетілген:

1. 11 «В» сыныбы алгебра және анализ бастамалары пәнінен Саидова Н.П.,

2.  11 «В» орыс әдебиеті пәнінен  Трипольский С.С.,

3. 9 «Г» сыныбы физика пәнінен  Молдахметова Р.У.,

4. «Г» алгебра пәнінен Лихачевская Е.В.,

5. 9 «Г» ағылшын тілі пәнінен Дюсенова Г.Р.,

6. 9 «Д» сыныбы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Сулейменова Ж.А., Бактаева А.М.,

7. 9 «Д» орыс тілі пәнінен Ассалауова Л.Т.,

8. 11 «А» алгебра және анализ бастамалары пәнінен Әлиман Қ.Т.,

9. 11 «А» құқықтану негіздері пәнінен Зайкенов Б.З.,

10. 11 «А» ағылшын тілі пәнінен Абдикерова Г.Қ.

  Әдіскерлер барлық пән бойынша 10 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап , сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.

 Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік күннің ұйымдастырылуы мектепке биыл келген жас мамандар үшін  өте тиімді болды.

Мектеп әкімшілігі  әдіскерлермен кеңесе отырып, алда  орталықпен бірлесе  жүргізілетін жұмыс  жоспарын құрды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған