Ұлт тілін ұлықтаған ақын

2023 жылдың  4 қазан күні  Қазақстан Республикасының халық ақыны, Еңбек ері, сондай-ақ Қырғыз Республикасының халық ақыны, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының лауреаты, Түркияның «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының халықаралық «Руханият» сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне ерен еңбегі үшін» атағының иегері, бір ғасырда бір туатын, тау тұлға Мұхтар Шахановпен «Ұлт тілін ұлықтаған ақын» атты №71 мектеп-лицейі кездесу кешін өткізді.

 Аңызға айналған арда ақынмен бүгінгі ұрпақты кеңінен таныстыру.  Жас ұрпаққа  өлеңдері мен шығармашылығын дәріптеп, аға буын өкілімен бүгінгі  ұрпақ арасындағы сабақтастықты жалғастыру мақсатында өткен кеште  №71 мектеп-лицейінің оқушылары ақын шығармалары жатқа оқып, көрініс қойып, арнауларын арнады.

          Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының басында поэзия патшалығына өз даусы, өз болмысы, өз соқпағы, өз үнімен дарабоз арғымақтай екпіндете енген ақын  Мұхтар ақын жиналған ұстаздар мен оқушыларға өз шығармаларынан оқып, бата-тілегін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған