«Мобильдік топтарды оқыту» семинар- практикум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  2023 жылдың

 3-пен 4-қазан  аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Мобильдік топтарды оқыту» семинар – практикумын өткізді. Семинарлар «Сервис және туризм колледжі» базасында және «Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжінде» өтті.

     Семинардың мақсаты: мобильдік топтың өзара бірлескен  іс-қимыл алгоритміне оқыту арқылы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын белсенділендіру.

     Семинарға 65 педагог:колледж директорлары, директорлардың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтар, пән мұғалімдері, кураторлар қатысты.

     Семинар-практикум теориялық және практикалық бөлімнен тұрды.

Семинардың теориялық бөлімінде «Аутодеструктивті мінез-құлқы бар жасөспірімдермен жұмыс істеу кезіндегі проблемалар», «Психологиялық сүйемелдеу тобының контингентінің балаларын анықтау кезіндегі мобильді топ қызметінің алгоритмі», «Қиын өмірлік жағдайлардағы студенттерге көмек көрсету кезіндегі бірлескен іс-қимылдар» тақырыптарында өзекті мәселелер айтылды.

     Семинар жұмысының практикалық бөлімінде кейс әдісімен топтық тапсырмалар талқыланып, өзекті мәселелер көтерілді, мобильді топтың бірлескен қызметін жүзеге асыруға бағыттар берілді.

     Семинар соңында қатысушыларға осы бағыттағы профилактикалық жұмысты іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді, қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған