«Сервис және тамақтану саласындағы мамандарды даярлау ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел

2023 жылғы 4 қазанда «Аstaufest-2023» IV халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында «Сервис және тамақтану саласындағы   мамандарды даярлау ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті.

        Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Мамандықтар академиясы» жобасында және  Қоғамдық тамақтандыру және  сервис колледжінде  жоспарланған.

         Дөңгелек үстелге Анталияның Мехмет Балжы атындағы туризм колледжінің (Түркия), Ю.А.Готовцев атындағы Якут технологиялық колледжінің (Саха Республикасы, Ресей), Бішкек қаласының № 97 кәсіптік лицейінің (Қырғызстан) өкілдері қатысты, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы, сондай-ақ Елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

        Дөңгелек үстел барысында қызмет көрсету және тамақтандыру саласында кадрларды сапалы дайындауға жағдай жасау, кәсіптік оқытуға инновациялық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру және т.б. сұрақтар талқыланды.

Іс-шара соңында Өзбекстан аспаздар қауымдастығының  бас аспазшысы «Мейрам (Байрам) палауы» және корей асханасының шеберлерінің «Korea street food» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

 Іс-шараға барлығы 80-нен астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған