«Бәсекеге қабілетті жас маман» атты семинар

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 15.00-де №37 мектеп-лицей базасында ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған «Бәсекеге қабілетті жас маман» атты семинары ұйымдастырылды.

      Мақсаты: Жас мамандардың 2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойынша кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Аталған семинарға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің жас мамандары қатысты.          

       Әдістемелік орталығындағы әдіскерлері Амирова Алтынай Бекпаевна, Қалмағанбетова Балдырған Мамайқызы мұғалімдердің нормативті- құқықтық заңдары, мен 2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойыша кәсіби құзыреттілігін арттыру талаптарына тоқталып өтті.

      Семинар барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school-лицейі, жас мамандар клубының жетекшісі Нұркен Елдос Ерланұлы, 87 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мазимова Айдана Нурлыбековна, Жас мамандар клубының жоспары, міндеттері, сонымен қоса еңбек жолын бастағалы жатқан педагогтермен өз тәжірибесімен бөлісті.

       Quantum STEM мектебінің лингвистика кафедрасының меңгерушісі, оқытушы-жаттықтырушы Бостан Хаят,  әлеуметтік дағдыларды пәнаралық енгізу жолдарын көрсетті.

        53 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Кусепова Гульзат Тунгушбаевна, ағылшын тілі сабақтарындағы формативті бағалаудың маңызы, бағалау критерийлері, 17 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәні мұғалімі Сералимова Сауле Амантаевна ағылшын тілін оқытудағы тілдік дағдыларды интеграциялау бойынша шебер-сынып өткізді.

№82 мектеп-лицейінің педагог- психологі Куанышева Индира Сагатбеккызы, №14 мектеп-гимназиясы педагог- психологі Рустимова Майра Абдухамитовна,  жас мамандарға психологиялық тренинг өткізді.

№12 балабақша бастауыш мектеп кешені ағылшын тілі пәні мұғалімі   Нусюпова Аяулым Жұмабекқызы бастауыш сыныптарда ағылшын тілінен

БЖБ ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу кезеңдері өз тәжірибесі арқылы көрсетті.

         Семинар барысында жас маманның кәсіби бейімделуідегі  белсенділігі,  мақсатты әрекеті арттырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған