«Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» жас мамандарға арналған семинар – коучинг

Әдістемелік орталының жоспарына сәйкес, 28 қыркүйек күні сағат 15.00-де 59 мектеп –лицейінде «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» тарих пәнінің жас мамандарына арналған семинар – коучинг өтті. Семинарға 25 жас маман қатысты.

Семинар мақсаты: жас маманның кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету, тәжірибелі педагогтердің тәжірибе бөлісуі.

Семинар барысында әдіскер М.Айдарова жас мұғалімдермен коучинг өткізді. Коучинг барысында жас ұстаздар жұмыс барысында кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталды.

Аяпбергенова Гаухар Абдразаковна, А. Байтұрсын атындағы BINOM SCHOOL мектебінің мұғалімі «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудағы ерекшеліктері» түсіндірме жұмысын көрсетті. Сабанбаева Жанар Мухаметбаевна, №68 МГ «Тарих сабағында тиімді әдіс-тәсілдері», Абдуллина Эстелла Артуровна №75 МГ «Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде көп деңгейлік тапсырмаларды қолдану әдіс-тәсілдері», Колужонок Татьяна Сергеевна, №17 МГ «Тарих мұғалімдерін оқытудың тиімді формалары мен әдістері», Узақбайқызы Гулназия, №73 МЛ «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыптарында спикерлер өз -іс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушы жас мамандар соңынан өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған