Өзекті сұрақтар мен оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді

2023 жылғы 29  қыркүйек күні Әдістемелік орталық мамандары  «Alpamys school» жекеменшік мектебіне  барып, әдістемелік көмек көрсетті. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде кездесетін өзекті сұрақтар мен оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берді.

Әдістемелік көмек көрсету келесі сұрақтар бойынша қамтылды:

білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы; білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақталуы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақталуы

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған