«Білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру»

2023 жылдың 28 қыркүйек күні пән мұғалімдерінің зерттеушілік дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін ұсыну мақсатында «Білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті. Семинар «Әділетті Қазақстан, Сапалы білім, Адал ұрпақ. Табысты ұлт» тақырыбындағы республикалық тамыз кеңесінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін мектептерге енгізу ұсынысы бойынша «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мажибиева Бағила Жалғасқызы, Ахаева Салтанат Абдижалеловна, Рамазанова Нургуль Жакияновна «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері», «Олимпиадаға дайындық жүргізудің тиімді жолдары» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған