Жаратылыстану бағытындағы пәндерге бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру

2023 жылғы 27 қыркүйекте Астана қаласы Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастырылуымен Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom school» мектеп-лицей базасында химия, биология, география пәндерінің жас мамандарына «Жаратылыстану бағытындағы пәндерге бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары болды. Оқыту семинарына 53 жас маман қатысты.
Семинарды Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің директоры А. Макышева мен Орталықтың әдіскері Ш.Шакированың алғы сөздерімен ашылды.
Оқыту семинарында Астана қаласының №72 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.Дүйсеева, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің география пәні мұғалімі Р.Кашыгулова, Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімдері Б.М.Танбаева, Б.Шаймарданова, Ж.С.Дакен, Ж.А.Мусаева, Ш.М.Мукушева, Д.К.Байтаева, А.М.Алиева, Р.С.Сансызбаева, Қадыр Мырза Әлі атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Сабикенова Назгул Ризабекқызы жас мамандарға өз іс –тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарды қорытындылау бөлімінде жүргізілген кері байланыс кезінде семинарға қатысқан жас мамандар іс-шараның өту барысы туралы шынайы ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *