«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен ұйымдастырылған Математикалық клуб туралы ақпарат

2023 жылғы 27 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен қазақ сыныптарда сабақ беретін бастауыш сынып, математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру мақсатында клубқа қабылданған әрбір педагогтерге куәлік тапсырылды.

«Математикалық клуб» мүшелігіне қала мектептерінен 40 математика пәні мұғалімі және 60 бастауыш сынып мұғалімі қабылданды.

Аптаның әр сәрсенбі күні практикалық сабақ жүргізіліп отырылады.

Клуб мүшелерінің ең үздіктері пән бойынша ұйымдастырылған әртүрлі республикалық мұғалімдер байқауларына жіберіледі.

Клуб мүшелігіне қабылданған педагогтер қала мектебінің ең үздік математиктер базасына енгізілді.

Оқу жылының соңында жылдық қорытынды жасалып, жеңімпаздар анықталады және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

Практикалық сабақ соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған