«Жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты қалалық оқу семинары өтті

Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес және мектепалды сынып педагогтерінің кәсіби бейімделуіне әдістемелік көмек көрсету, ұйымдастыру қызметін жүргізу әдістемесін жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 27 қыркүйек күні Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында «Жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты қалалық оқу семинары өтті.
Басқосу барысында Әдістемелік орталық әдіскері Б.К. Әзімбай іс-шара мақсаты мен бағдарламасын таныстырып, мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндірді.
№29 орта мектептің мектепалды сынып педагогі А.Т. Джаксалыкова «Жас маманға тәлімгерлік көмек» тақырыбында сөз сөйлеп, балалармен топтық және жеке жұмыс барысында Марблс тастарын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Спикер Марблс тастарын пайдалану арқылы баланың сөйлеуі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда қол жеткізген оң нәтижелері туралы айтты.
«Ойнайық та ойлайық» тақырыбында сөз сөйлеген №95 балабақша шағын орталығының мектепалды топ тәрбиешісі Қ.Ж. Нуржигитова тәрбиелеу-оқу процесі барысында дидактикалық ойындарды ойнату тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері М.С. Боранбаева «Мектепалды сынып педагогінің кәсіби бейімделуі» тақырыбында тренинг өткізді.
Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Жас мамандармен жұмыс жалғасын табады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған