«Global scholars» халықаралық жобасы

2023 жылғы 27 қыркүйекте «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №89 мектеп-лицейінің базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға 31 мектептен 62 үйлестірушісі қатысты.
Семинар барысында 2023-2024 оқу жылына арналған бағдарлама жоспары, e-classroom сынып бөлмесіндегі педагогтер мен оқушылардың жұмысы қарастырылды, сондай-ақ, №6,74 мектеп педагогтері 2022-2023 оқу жылындағы бағдарламадағы жұмыс қорытындыларымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар халықаралық жобаны жүзеге асыру және одан әрі дамыту перспективалары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған