Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2023 жылғы 27 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК № 93 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Заманауи білім – тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі » атты қалалық семинар өткізді.

Іс-шара мақсаты – ұлттық құндылықты сабақ барысында қолдану бойынша тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету.

Семинардың алғы сөзін бастауыш оқу-ісі орынбасары А.Курманбаева бастап берді. Мектеп психологтары Орынбасарова А.К, Джакупова Г.К «Қарым – қатынас жарастығы» шағын тренинг өткізді.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйледі.

№ 93 мектеп-лицейінің директоры Нүсіпжан Ж.Т «Құндылыққа негізделген білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, мектептегі құндылықтар бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін көрсетті.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері құндылыққа негізделген ашық сабақтарын көрсетті.

4 «Д» сынып. Әдебиеттік оқу. Тақырыбы: «Мен де еліме қызмет етемін». Тулеубекова Д.Ж

4 «В» сынып. Математика. Тақырыбы: «Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу». Базарова М.А

4 «А» сынып. Жаратылыстану. Тақырыбы: «Өсімдіктерді қалай қорғаймыз». Бекмаганбетова Н.Е

4 «Г» сынып. Қазақ тілі. Тақырыбы: «Мәтін және оның түрлері» Даулеткалиева Л.Т

Семинарға елорда мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Қосшы қаласы мектеп-гимназиясы директордың орынбасары, республикалық тренер Өмірзақ Жұлдызбек «Оқу үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?»тақырыбында, № 40 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, тренер Ажданова Ақтолқын Шукрадиновна «Бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарын қалыптастыру» тақырыбында шебер сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдері А.М.Курманбаева, Д.С.Сапарова, Л.Т.Туматова «Мәнерлеп оқытудың ерекшеліктері» жобасы бойынша жасаған жұмыстарының нәтижесін көрсетті.

Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылды, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған