«LESSON STUDY әдісі – сабақтың сапасын жақсарту үдерісі» тақырыбындағы оқыту семинары туралы ақпарат

2023 жылғы 27 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «LESSON STUDY әдісі – сабақтың сапасын жақсарту үдерісі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Оқыту семинарының мақсаты:  Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттайды.
Семинарға математика, физика пәнінен сабақ беретін 45 жас мамандар қатысты.
«Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында Қ. Нұртаева, Әдістемелік орталығының орта білім беру бөлімінің әдіскері,
«Lesson study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында Г. Жанбекова мен А.Джакенова мектеп тренерлері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
8 сыныпта алгебра пәнінен «Квадрат түбір» тақырыбында О.Картаева, физика пәнінен 9 сыныпта «Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Центрге тартқыш үдеу» тақырында З.Өтепова зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Lesson study зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты басшылыққа алып, сабақты өз деңгейінде өткізді.
Д.Жунусов пен А.Сулкеева мектеп тренерлері «LS жобалар арқылы» тақырыбында өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, М.Аширова, А.Джампеисова кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған