«TOPIQ.KZ» ПЛАТФОРМАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 26 қыркүйекте Астана қаласының Әдістемелік орталығында «Алматы кітап» баспасының мамандары пән әдіскерлерін «TopIQ.kz» электрондық оқулықтар платформасымен таныстырды.
Баспа мамандары платформаның негізгі сипаттамалары мен мүмкіндіктерін, соның ішінде қол жетімді пәндерді, сыныптарды және оқу материалдарының түрлерін ұсынды. Кездесу барысында платформамен жұмыс, атап айтқанда, мұғалімдердің сабақты, тапсырмаларды қалай жасайтыны және оқушылардың үлгерімін бақылайтыны көрсетілді. Іс-шара қатысушыларына платформаны пайдалану кезінде көмек пен қолдау жолдары, соның ішінде техникалық қамтамасыз ету туралы ақпарат берілді. Мұғалімдердің бұл платформаны сабақта қалай пайдаланатыны, дәстүрлі оқулықтарды осы платформамен біріктіру жолдары, пайдаланудың қарапайымдылығы, тапсырмаларды электронды форматта орындауға ерекше назар аударылды.
TopIQ.kz платформасы мұғалімдерге оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген сабақтар мен тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді. Әдіскерлер бұл ресурстарды мұғалімдерге оқуды әртараптандыруға және оны оқушыларға тартымды етуге көмектесу үшін пайдалана алады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған