Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Жасын ғұмыр жазушы» көркемсөз кеші

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маман және Қазақстан Республикасы Ұлттық музей қызметкерлері Гаухар Қасиқызының ұйымдастыруымен Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай жазушының қазақ әдебиетіне, мәдениетке қосқан мол мұрасын насихаттау, оқушыларды көркем әдебиет оқуға, талдауға баулу, ғылыми-зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында «Жасын ғұмыр жазушы» көркемсөз кеші өтті.
Көркемсөз кешінің модераторы ҚР Ұлттық музейі директордың ғылыми хатшысы Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы Оралхан Бөкейдің қазақ әдебиетінде, әлем әдебиетінде алатын орны туралы замандастарының, ұлт зиялыларының айтқан естеліктеріне тоқтала келе, қонақтар мен спикерлерге сөз берді.
Кеште Оралхан Бөкейдің қарындасы Қазақ ұлттық өнер университетінің Ақпараттық-кітапхана қызметінің басшысы Ғалия Бөкейқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне (№73 мектеп-лицейінің, А. Байтұрсынұлы атындағы Binom SCHOOl мектеп-лицейінің, №72 мектеп-лицейінің, №52 мектеп-гимназиясының, №86 мектеп-гимназиясының, №69 мектеп-гимназиясының), 11-сынып оқушыларына (№55 орта мектебінің, №69 мектеп-гимназиясының) жазушының балалық шағы мен өзіне деген ағалық қамқорлығы, өмірде өз жолын табудағы орны туралы жеке естеліктерімен бөлісті.
№73 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сегизбаева Сандугаш Кыдырбековна мен №72 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адилбекова Жанар Советхановна жазушының өз өрнегімен ерекшеленетін ерекше стилі мен тәсілін айта келе залдағы 11-сынып оқушыларымен «Атау керек» шығармасының әр кейіпкерінің мінез-құлық, іс-әрекет, рухани құндылық және адами қасиеттері, шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығы жайлы пікір алмасты.
Кеш Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Топжарған» клуб мүшелерінің әдеби-сазды қойылымдарымен жалғасты. «Кескіндеме және графика» үйірме тәрбиеленуші суретші студенттер кешке жазушы шығармашылығына салынған суреттерімен үлес қосты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған