Language is a bridge of Friendship

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де №67 гимназия базасында ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған «Language is a bridge of Friendship» атты семинары ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби дамуын жетілдіре отырып, ағылшын тілінің қолдану аясын кеңейту, басқа ұлттың тілін құрметтеуге баулу.
Аталған семинарға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің жас мамандары қатысты.
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған ТЕD-х форматындағы семинарда әдістемелік орталығының әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна, КазГЮУ университетінің аға оқытушысы Бадырленова Анара Еркебулановна, №70 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кадирбаев Сүндет, Quantum Stem School мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Серпутько Тамара Андреевна, А.Бөкейхан атындағы Бином мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сұлтанәлі Әлима, №82 мамандандырылған «Дарын» лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абылқас Дәлия Дауылбайқызы өз шеберліктерімен бөлісті.
Семинар барысында оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі анықталып, мұғалім мен оқушының арасындағы нәтижелі қарым-қатынасы, мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі шеберліктері арттырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған