Білім беру ұйымдарының директорларына арналған Әдістемелік сағат өткізгендігі туралы мәлімет

2023 жылғы 20 қыркүйек күні №83 мектеп-лицейінде Астана қаласының  білім беру ұйымдарының басшылары арасында ҚР Оқу-ағатру министрлігінің өкілдерінің қатысуымен Әдістемелік сағат отырысы өтті. Кеңеске 91 адам қамтылды. Әдістемелік сағат барысында Еңбек қатынастарын қорғау, ата-аналарды педагогикалық-псикологиялық қолдау, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу, цифрлық білім беру платформалары туралы арнайы келген спикерлер сөз алып, білім беру ұйымдарында  бүгінгі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іске асыру туралы талдады.

           Астана қаласы Білім басқармасының Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы кеңестің күн тәртібімен таныстырып, аталған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

           2023-2024 оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарының басшылары (директор, орынбасарлар) арасында Әдістемелік сағаттың айына бір рет өтетінін Әдістемелік орталықтың басшысы Дауешова Сындар айтып жеткізді.

       Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  еліміздегі кәсіподақ қозғалысына жоғары баға беріп, «Бүгінгі Кәсіподақ – Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі» деген болатын. Осы тұрғыда «Еңбек кодексі» бөлімдерінің тармақтарына сай Еңбек қатынастарын қорғау: еңбек дауларында кездесетін мұғалімдердің әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіподақ белсенді қызмет етеді, -деді Астана қаласының Білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Әлиев Батыр Әлиұлы.

         Білім беру ұйымдарының ұжым қызметкерлері арасында бірнеше даулы мәселелер туралы №№21, 36, 59, 91, 92 мектеп басшылары сұрақ беріп, оған тиісті жауап алып, өз пікірлерін ортаға салды.Ұйым басшыларының күрделі сұрақтарын тыңдаған Батыр Әлиұлы: қаланың барлық білім беру ұйымдарында еңбек қатынасына байланысты өзекті, даулы мәселені шешудің бірден-бір жолы- педагог мәртебесіне қатысты заң аясында шешілетінін атап өтті.

        ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты» КеАҚ  бас сарапшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы сөз алды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың басқармаларында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының қызметін үйлестіру туралы нақты түсіндіріп кетті. «Өркен» ұлттық-ғылыми практикалық балалардың  хал-ахуалы институты» ата-аналар мен балалардың ара-қатынасын нығайтуды, оларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының мазмұны мен директорлар міндетіне тоқталды.

        Білім берудегі сабақтастық баланың психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі, онда сабақтастықты ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады жүзеге асырылады.

          «Қара шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Тұрар Сәттарқызы «Өнегелі ата-ана-өрелі ұрпақ» жайлы отбасының тәлім-тәрбиесінің мәселелері төңірегінде  қоғамдық көз-қараспен нақты мысал келтіріп, өз кеңесін берді.

          Сондай-ақ Әдістемелік сағатта сөз алған «TechnoMedia» ЖШС өкілі – Қасым Бағлан Нұржанұлы бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың білім деңгейін анықтау үшін елде баламасы жоқ білімді диагностикалаудың цифрлық жүйесінің заманауи өнімін дамыту, жетілдіру, қалыптастыруға басымдық берілетінін айтып жеткізді.

       Аршабаева Айжан Бірлікқызы  «EL UMITI» қоры» корпоративтік қор өкілі сапалы білім беру ресурстары мен сервистерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсетудің ақпараттық жолын көрсетті. Бұл жоба: «Birge Oqý» онлайн мектебі – бұл қосымша білім беру мен академиялық қолдаудың бірегей моделі. Бұл оқытудың мақсаты қала мен ауыл балалардың білімі мен ақпараттық теңсіздігін қысқарту арқылы мектеп оқушыларын академиялық қолдау, қабілеті мен дағдысын дамыту мақсатында іске асатынын атады.

Астаналық білім беру ұйымдарының басшыларының алдында оқу-тәрбие саласында көтерілген мәселелер мен қойылған міндеттерді жүзеге асыру әдістемесін жетілдіру тапсырылды. Аталған жобалардың тиімділігіне баса назар аударып, білім алушылардың жайлы өмір сүруіне жағдайдың рухани, өмірлік ситуациялардан еркін шығуына басымдықтардың берілетіні ескертілді.

Жаңа дәуірдегі аталған жобалардың маңызды рол атқаратыны сөзсіз екені белгілі. Білім беру ұйымдарының басшыларына күш-жігер, сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған