Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған оқыту семинары

2023 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері №4 «Психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» КММ мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін «Балабақшада ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» оқыту семинарын өткізді.

 Іс-шара барысында «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» ,«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау деңгейлері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балаларды қолдау», «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған оқу бағдарламасын таңдау және іске асыру» «Мектепке дейінгі балалар ұйымы жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдаудың диагностикалық әдістемелік және нормативтік-құқықтық құжаттары»,  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көру қабілеті бұзылған балаларды сүйемелдеу» тақырыбында  әдіскерлерге түзете-дамыту жұмыстары жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Іс-шара соңында №4 «Психологиялық-медициналық педагогикалық консультация» КММ орталығының басшысы, арнайы мамандары  әдіскерлермен кері байланыста болып ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 70-ге жуық әдіскерлері  қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған