Білім беру ұйымдары кітапханашылары қауымдастығының отырысы

2023 жылғы 15 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары кітапханашылары бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс барысында қауымдастық мүшелерінің жаңа құрамы қаралып, бекітілді.

Отырысқа қатысушылар 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарымен танысты. Оның ішінде, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мектеп кітапханаларының қызметіне оң әсерін тигізді, көптеген кітапханаларда оқырмандар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту жұмыстарын жандандыру мақсатында биылдан бастап «Әжемнің ертегісі» жобасы қолға алынды. Сондай-ақ, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды, оның басты мақсаты балаларды кітап оқуға баулу.

Аталған іс-шаралар кітапханашылар арасында кәсіби байланыс орнатуға және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Бұл кітапхана қызметін үздіксіз жетілдіруге, білім беру саласындағы өзгермелі қажеттіліктер мен технологияларға жылдам бейімделу үшін маңызды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған