Бейімделу аптасы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылы 15 қыркүйекте «Бейімделу аптасы» жобасының аясында, білім алушыларды мектепке сәтті бейімдеу мақсатында, психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері Л. Бодикова, Т. Сатымбекова №62 мектеп-лицейінің 1 «А», «Б», «С», «М», «Е» сынып оқушыларына психологиялық жаттығулар өткізді.

Мақсаты-жаңа ортада танымдық ауқымын кеңейту, балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, тапқырлығын арттыру.  Жаттығу барысында оқушылардың қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Көңілді шеңбер», «Төрт құбылыс», «Бағдаршам», «Жеміс-жидек», «Қарым-қатынас» атты психологиялық ойындар жүргізілді. Жаттығу соңында 1 сынып оқушылары «Сиқырлы қобдиша» ойынының әсерімен бөлісіп, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған