Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға келе жатыр

«Nobel Fest: Digital Upgrade» 5-6 қазан күндері Астанада өтеді. Фестиваль Нобель сыйлығының лауреаттары мен ғылым, ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіреді. Спикерлер ғылыми-техникалық прогрестің ең озық теориялары мен тәжірибесін талдайды. Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллект,  климаттың өзгеруі, экономика болашағы, стартаптар мен замануаи еңбек нарығы, ғылымның жаңа қырлары, адамзат болашағы секілді өзекті мәселелерді қамтиды.

Фестивальдің негізгі тақырыптары:

  • Технологияның сингулярлық дәуірі
  • Белгісіз әлем: жасанды интеллект дәуірі
  • Цифрлық әлемдегі адам миының ресурстары: сингулярлық немесе сана жолында?
  • Көп планеталы өркениет пен ғарыш туризмінің құрылысы
  • Ғылым мен білім дамуының жаңа қырлары
  • Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің жаңа экономикасы
  • “Unicorn” стартапты қалай құруға болады не технология алпауыттарының дамуына қандай жағдай жасау керек?
  • Еңбек пен адами капиталдың болашағы

Негізгі спикерлер:

Нобель сыйлығының лауреаттары

  • Джеймс Хекман  — экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты,  әлемнің  үш үздік экономисінің бірі.
  • Рае Квон Чунг  —  Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы.

 Футурологтар:

  • Герд Леонхард  — әлемге әйгілі футуролог, инновациядағы үздік үш ықпалды көрегеннің бірі (Wired), «Технология адамға қарсы» бестселлерінің авторы.
  • Мартин Везовски  —  SAP-тың бас футурологы және SAP Future Hub-тың  жетекшісі.

Жаңашылдар

  • Вивек Вадхва  — Силикон алқабының гуруы, TIME журналы бойынша, технология саласындағы аса ықпалды 40 ақыл-ой иесінің бірі.
  • Фрэнк Стивенсон  —  ең танымал автокөлік дизайнері. Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430, Maserati дизайнын жасаушы, Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы.

Саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері

  • Саясат Нұрбек  —  ҚР-ның ғылым және жоғары білім министрі.
  • Икбал Чоудхари  — Мұсылман әлемінің Мұстафа-Нобель сыйлығының иегері, ИЫҰ елдерінің Ғылым және технология комитетінің бас үйлестірушісі.
  • Досым Сәтбаев – белгілі қазақстандық саясаттанушы, «Қауіп-қатерді бағалау тобы» үкіметтік емес консалтинг ұйымының директоры.

Академиктер мен көрнекті ғалымдар

  • Лоуренс Краусс – Аризона университетінің жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті директоры.ы
  • Александр Каплан – профессор, адам миын зерттеудегі танымал сарапшылардың бірі, Мәскеу мемлекеттік университетінде нейрофизиология және нейрокомпьютер интерфейстерін зерттейтін лабораторияның меңгерушісі.
  • Ричард Фраковиак – Лондон университеттік колледжінің неврология институтының құрметті профессоры, Лозанна университетінің клиникалық нейробиология кафедрасының меңгерушісі.
  • Артем Оганов – әйгілі инноватор, ғылымды танымал етуші, Халықаралық кристаллографтар одағының материалдардың кристаллографиясы жөніндегі комиссиясының негізін қалаушы
  • Дмитрий Дубровский – Карлов университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің қызметкері, Латвиядағы Брива университетінің профессоры, Тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері

Толық бағдарлама: https://nobel-fest.org/

Нобель фестивалінің қатысушылары Нобель сыйлығының лауреаттарынан арнайы сертификаттар алып, астаналық дарынды музыкант Ratovich-тің фортепианосының сиқырлы үнін тыңдай алады.

Nobel Fest – халықаралық EdTech платформасы. Фестивальдің басты мақсаты – мыңдаған қазақстандықтың білімге, ғылымға және инновацияға қызығушылығын арттыру. Жыл сайын Nobel Fest 100 елден 500 мыңға жуық қатысушы мен 500 университетті біріктіре отырып, жарқын болашақты қалыптастырудағы жан-жақты білімнің маңызын айшықтайды.

Nobel Fest миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар қолдайды. Олардың қатарында Қазақстандағы ең ірі қоғамдық қорлардың бірі – «Алтын Қыран» қоры; Бас білім беру серіктесі – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Стратегиялық серіктес – Камалладин университеті; Ресми серіктес – Platonus компаниясы, сондай-ақ BI Group және BI Education компаниялары. Негізгі медиа-серіктестер  — Қазақстанның жетекші медиа-агенттігі Kamalladin Media; өмір, жұмыс және хоббилер туралы әйгілі The Steppe басылымы; сондай-ақ Орталық Азиядағы адамдар мен жобалар туралы прогрессивті басылым – WeProjectі.

Күні: 5-6 қазан 2023 жыл

Уақыты: 10:00 – 19:00

Өтетін орны: ҚР-ның Тұңғыш Президентінің музейі, Бөкейхана 1А, Астана қ.

Билет: 8000 теңгеден басталады

Байланыс ақпараты:

Диана Байдаулетова

diana.baidauletova@nobel-fest.org

+77022540099

Веб-сайт: https://nobel-fest.org

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған