«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасы күні апталығының ашылуы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  2023 жылғы 11 қыркүйек күні Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып, отбасы мәселесінің маңыздылығы, отбасы құндылығы және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасы күні апталығының ашылуын өткізді.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Астана қаласының білім беру ұйымдарында отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ұлттық құндылықтарға негізделген  «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аға мен  жеңге мектебі» жұмыс жасауда. Іс-шара барысында «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры, этнология магистрі,  ҚР Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Сәттарқызы жалпыадамзаттық құндылықтар, сондай-ақ  ұлттық тәрбиенің отбасы өміріндегі рөліне тоқталды.

Мектептің «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы Идрисов Ғазиз Бүркітұлы осы бағыттағы жасалған  жұмыспен таныстырып өтті. Ұлттық тәрбие мектебінің «Ата-әже  мектебі» өкілі Әбдікарімов Бейбітбек Нығметұлы  және қазақ журналистика саласының зейнеткері Сейсенбина Әйкерім Қылышбекқызы тағылымы мол өмір жолдарынан сыр шертіп, «Аға мектебінің» жетекшісі  Шаймұрат Нұрдәулет оқушыларды ұлт зиялыларының өнегесімен тәрбиелеу керектігін оқушыларға жеткізді.

Іс шарада «Әжемнің ертегісі» жобасы көрсетілді. «Отбасы-бала-мектеп» үштік одақ бірлігі салған ән де, бала тәрбиесіне қатысты ғибратты ой,  халық әндерінен поппури орындаған   «Аналар  мектебі»  залды  бір серпілтіп тастады.

Шара соңында   мектептің жас әншілері «Туған жер»  әнін дуэтпен  орындады.

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert

@medetbekovameruert

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған