Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейтахметқызы 2023 жылы 7 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірге «Бастауыш сыныптарда абайды оқыту тәжірибесі» қалалық оқыту семинарын өткізді.
Нақыл-насихатқа, тәлім-тәрбиеге толы Абай шығармаларын бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарға бағытталған тәлім-тәрбиені сіңіре отырып тұлға қалыптастыру мақсатында №87 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері 2023-2024 оқу жылында «Абайтану» пәнін эксперимент режимінде іске асыру үшін әзірленген білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша бастауыш сыныптарда «Бала Абай» эксперименттік алаңын ендіргелі отырған мектептерге іс-тәжірибелерімен бөлісті. Байболова Сагыныш Сагиндыковна, Карпаева Нурсулу Кабдрашовна, Курмангалиева Гулнур Мирашовна, Кабакова Анар Максутовна , Шажлиева Асемгуль Омиртаевна бастауыш сынып мұғалімдері «Бала Абайды» оқытудағы ерекшеліктер», «Сабақты жоспарлаудың жолдары» тақырыптары бойынша «Бала Абай» бағдарламасын оқыту ерекшелігі мен әдістемесіне тоқталса, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, абайтанушы, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, мектептегі Абай музейінің меңгерушісі, «Абайтану» бағдарламасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызы Ғабдуллина «Бала Абай» курсының мақсат, міндеттері туралы сөз алып, түсінік берді.
Семинар соғында 2023-2024 оқу жылында бастауыш сыныптарда «Бала Абай» эксперименттік алаң ретінде ендірілген №№3, 10, 14, 19, 26, 29, 30, 31, 32, 33, 49, 51, 52, 55, 63, 67, 65, 68, 69, 78, 80, 83, 89, 90 мектептерінің кері байланысқа шыққан бастауыш сынып мұғалімдерінің сұрақтарына жауап берді.