Балабақша педагог – психологтарының жұмыс тобының отырысы туралы

           Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына  сәйкес, 2023 жылы 7 қыркүйек күні №24 «Айналайын» балабақшасында  мектепке дейінгі ұйымдарының педагог – психологтарынан құрылған жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс барысында «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылдында тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат» талқыланып, психологиялық қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жылдық жұмыс жоспары әзірленді. Жұмыс жоспарында ерекше білімді қажет ететін балалармен, ата- аналар және педагогтермен жүргізілетін іс-шаралардың ерекшеліктеріне мән беріліп, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары қарастырылды. Дайындалған бірыңғай жұмыс жоспарын қызметін жаңадан бастаған жас мамандар әдістемелік көмек ретінде пайдаланатын болады. Жұмыс тобының мүшелеріне психологиялық көмек көрсету бойынша әдістемелік құралдарды, авторлық бағдарламаларды жасау және тәжірибені тарату, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысу, педагог – психологтың өз білімін жетілдіру жайлы бағыт – бағдар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған