Жас педагогтің кәсіби маман ретінде қалыптасуы – оның кәсіпке бейімделу кезеңінің қалай ұйымдастырылуына байланысты

Оқытушылық қызметке алғаш кіріскен педагогтің кәсіпке ену кезеңі шиеленіспен, оның жеке және кәсіби дамуы үшін маңыздылығымен ерекшеленеді. Жас педагогтің кәсіби маман ретінде қалыптасуы – оның кәсіпке бейімделу кезеңінің қалай ұйымдастырылуына байланысты.

Осыған орай, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі тарапынан жас педагогтердің мамандыққа кірудің бастапқы кезеңінде олардың кәсіби дамуын басқару, жас педагогтің құндылық-танымдық және кәсіби-тұлғалық тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етуге бағытталған оқыту семинарларын жыл сайын өткізу дәсүрге айналған.

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Менеджмент, бизнес және білім колледжінің базасында ТжКББ бөлімінің әдіскерлері тарапынан «Жастар лигасы» жобасы аясында «Оқыту-әдістемелік құжаттаманы құрастыру және рәсімдеу» кезекті оқыту семинары өтті. Семинарда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында оқу процессін ұйымдастыру мен тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша мәселелер қаралып, практикалық ұсыныстар берілді.

Оқыту семинарлары инновациялық білім беру жағдайында жас педагогке өз пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жасау тәжірибесін зерделеп, меңгеруге, сонымен қатар тәрбиелей отырып оқыту талаптарын ескере отырып, сабақтарды дайындау мен өткізудің кешенді тәсілін меңгеруге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

Семинар жұмысына барлығы 50-ден астам жас педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған