Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспарының оқыту семинары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  2023 жылғы 07 қыркүйек күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Есіл және Байқоңыр аудандарының №№ 4, 5, 8, 10, 12, 16, 21, 23, 27, 31, 34, 49, 54, 55, 87, 17, 24, 45, 59, 66, 69, 71, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 84, 85, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 95, 96 мектептерінің сынып жетешілерінің әдістемелік  бірлестігі, вожатый, әлеуметтік педагогтер (56 педагог) қатысты.

Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Әлеуметтік педагогтің қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім туралы заңын, басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады. Вожатый қызметі оқушылардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері жұмыстарының дамуына ықпал етеді.

Семинар барысында Әдістемелік орталығының:

— «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»;

—  «Психологиялық сүйемелдеу» бөлімі әдіскері Бодикова Ляззат Жамауовна «Психоэмоционалды денсаулықты сақтаудың өзектілігі»;

 — «IT және баспа» бөлімінің әдіскері Ергешбаев Жұмағали Измаханұлы «Мақала жазып үйренейік»;

— «Арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімінің басшысы Касымканова Салтанат Есенгалиевна «Инклюзивті білім беру: білім алушылардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау» тақырыбында іс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылап, семинарды қорытындылады.

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert

@medetbekovameruert

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *