МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Астана қаласының әдістемелік орталығымен 5-11 қыркүйек күндері аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2023-2024 оқу жылына арналған  тәрбиелеу- білім беру процесінің оқу жұмыс жоспарын құруда әдістемелік сүйемелдеу жүргізіліп, көмек көрсетілуде. Әдістемелік көмек оқу жұмыс жоспарын құруда балабақшаларға бағыт-бағдар беру үшін құрылған. Әр аудан бойынша бөлінген мобильді топ өкілдері мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларды қамтып, қарқынды жұмыс жүргізуде.

Әдістемелік көмек әр аудан бойынша:

1.         Алматы ауданы ауданы үшін: №67 «Шұғыла» балабақшасында (К. Әзірбаева 2/1)

2.         Есіл, Нұра ауданы үшін: №54 «Нұр-ай» балабақшасында (Алматы көшесі, 6)

3.         Сарыарқа ауданы үшін: №4 «Аружан» балабақшасында (Біржан сал, 6/1)

4.         Байқоңыр ауданы үшін: №1 «Бәйтерек» балабақшасында (Кравцов көшесі, 2/3)  балабақшаларының базасында өткізіледі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған