«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» семинар-практикум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік ортағы» МКҚК 2023 жылғы 4 қыркүйек күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында директордың тәрбие жұмысының орынбасарларына және қосымша білім беру педагогтеріне семинар-практикум өтті.

Семинарда Астана қаласы Білім басқармасы Сарамбетова Гульфара Бекболатқызы «Тәрбие жұмысының ерекшіліктері», «Әдістемелік орталығы» МКҚК Бекетаева Гүлдана Ескенқызы «Біртұтас тәрбие және құндылықтар, ата-аналармен жұмыс түрлері», Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Джаппарова Алмагул Борисовна «Өзін-өзі басқару ұйымдастыру», Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтимова Айгуль Абдумаликовна «Дебат қозғалысы» таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар спикерлерге Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert

@medetbekovameruert

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған