«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» сынып жетекшілеріне әдістемелік сағат

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік ортағы» МКҚК 2023 жылғы 04 қыркүйек күні Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында сынып жетешілерге әдістемелік сағат өтті.

Сынып жетекшісінің қызметі өз мақсатына жетеді және егер ол белгілі бір жүйеде жүргізілсе, ең жақсы нәтиже береді. Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі-бұл тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерінен, сынып жетекшісінің қызметі мен мазмұнынан туындайтын өзара байланысты тәрбие іс-шараларының жиынтығы.

Әдістемелік сағат барысында тәрбие жұмысының проблемалық мәселелері, себептері, шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert

@medetbekovameruert

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған