2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы

Астана қаласы Әдістемелік орталығы педагогтерге жаңа оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орта білім беру бөлімінің әдіскерлері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика, информатика, химия, биология, география, тарих, көркем еңбек, музыка, сондай-ақ мектепалды және бастауыш сынып мұғалімдеріне вебинарлар өткізді.

Әдіскерлердің 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім берудегі қазіргі халықаралық перспективалар туралы айтқанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, вебинар барысында функционалдық сауаттылық, тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету, мектепішілік бақылау жұмысын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылды.

Вебинарлардың соңында рефлексия өткізілді, онда педагогтер өздерін толғантқан сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Іс-шараға жалпы саны 1400 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған