2023-2024 оқу жылында басшылыққа алынатын Үлгілік оқу жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмысы

2023 жылғы 29-тамызда Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының басшы орынбасары Мұхамеджанова Алма Қайыркенқызы мен «Білім беру саласындағы зерттеу және талдау» бөлімінің басшысы Досмұхамет Анар Досмұхаметқызының қатысумен Үлгілік оқу жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасараларына арналған қалалық вебинар өткізілді.

Вебинар барысында Орталық қызметкерлері жаңа оқу жылында оқу жұмыс жоспарын әзірлеу үшін басшылыққа алынатын Үлгілік оқу жоспарының қосымшалары туралы таныстырды. Орынбасарларға білім беру деңгейлеріне байланысты қосымшаларды қолдану туралы ұсынымдама берілді.

Вебинар соңында қатысушыларға оқу жұмыс жоспарын әзірлеуге түсіндірме жазба үлгісі, келісуге тапсыру кестесі ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған