«Тіл шамшырақтары» атты квест ойыны өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері Ахметкалиева Алия Мирашевна мен Қалмағанбетова Балдырған Мамаевна ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне орай «Тіл шамшырақтары» атты квест ойыны өтті. Қалалық іс шара «ұстаздар аллеясында» 5 мектептің қатысуымен өтті. Ойын өте тартысты, көңілді болды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, «ұстаздар аллеясы», ЕНУ маңайы балалардың сыңғырлаған үніне толды. 3 станцияда қазақша, 3 станцияда ағылшынша тапсырмалар жасырылды. Жаз бойы мектебін сағынған оқушылар тапсырмаларды барынша ынтамен орындап, білімдерін ортаға салды. Ойнай жүріп білімдерін шыңдап, достық ынтымақтастық орнатты. Балалар өз мектебінің намысын қорғап, білім деңгейлерін көрсетті. Іс шара соңында оқушылар квест ойыны туралы пікірлерін білдіріп, тілектерін айтуды да ұмытпады.» Ұлт болам десең бесігіңді түзе»-демекші болашағымыздың жарқын көрінісі осындай білімді ұрпақтарымыз көп болуын тілейміз. Тіл құндылығын артыратын осындай мағыналы іс шаралар өз жалғасын таба берсін!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған