«БЕЙІМДЕЛУ АПТАСЫ» жобасы аясында өткен семинар

2023 жылғы 22 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарға сәйкес Астана қаласының білім беру ұйымдарына оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау мақсатында «Бейімделу аптасы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер қауымдастығының бірлестік жетекшілері, психологтер және әлеуметтік педагогтер қатысты.

Оқушыларды мектепке бейімдеу бағдарламасы – бұл оқушыларға білім беру ортасына бой үйретуге, оның ережелерімен, ресурстарымен, өзге де оқушылар және ұстаздар қоғамдастығымен танысуға көмектесу мақсатында жасалған іс-шаралар мен жоспарлар жиынтығы. Мұндай бағдарлама білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылар үшін жазғы каникулдан кейін немесе жаңа мектепке келген кездегі өтпелі кезеңді жұмсартуға көмектеседі, мектеп қоғамдастығына тиесілілік сезімін нығайтады, білім алу және әлеуметтену үшін жайлы жағдай жасайды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған