Пәндік құзыреттілік – мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор

2023 жылғы 18 тамыз күні «Пәндік құзыреттілік – мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын фактор» тақырыбында Астана қаласы білім беру ұйымдары педагогтерінің тамыз кеңесі аясында пәндік секциялар отырысы өткізілді. Іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектептері Педагогикалық шеберлік орталығымен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.

Мақсаты – оқу жылының басында сабақта тиімді іс-әрекет ұйымдастыру бойынша ұсынымдармен қамтамасыз ете отырып, педагогтерге әдістемелік-нұсқаулық және консультациялық көмек көрсету, ұстаздарға өңірлік деңгейде үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға мүмкіндік беру.

Іс-шараға мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының, Әдістемелік орталықтың басшылары мен әдіскерлері қатысты.

«Педагогтердің зерттеу тәжірибелерінің панорамасы» атты көрменің таныстырылымы ұйымдастырылды.

Сертификатталған тренерлер мен педагог-шеберлер «Химия», «Биология», «География», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Математика», «Информатика», «Физика», «Тарих» пәндері бойынша, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған секцияларда практикумдар мен шеберлік сыныптар өткізді.

Сонымен қатар, Әдістемелік орталықтың әдіскерлері оқу пәндері бойынша кеңес беру алаңдарын ұйымдастырды, онда әрбір педагог өзін толғантқан сұрағына толыққанды жауап алды.

Іс-шараға 600 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған