Жобаға бағытталған оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы тақырыбында шебер-сынып өтті.

2023 жылғы 02 тамыз  күні ұстаздар саябағында Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарының математика, физика, информатика педагогтеріне арналған  «Жобаға бағытталған оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы (ProjectBL, Steam,  робототехника, т.б)» тақырыбында  қалалық  іс-шара өтті.

             Іс-шара  барысында «Жобаға бағытталған оқыту технологиясын қолданудың маңыздылығы» тақырыбында НұртаеваҚанымай Өзбекбайқызы, Әдістемелік орталығының орта білім беру бөлімінің әдіскері жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу керектігін атап өтті.

Білім беру ұйымдарының математика, физика, информатика  педагогтеріне  Тореханов Самат Рахматуллаевич, Курманбекова Айнаш Керейбаевна «STEAM зертханасында экологиялық қауіпсіз ойыншықтар жасау», Парманова Сандугаш Куанышбековна «Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытатын заманауи әдіс- тәсілдер», Байбатыр Қасымхан Шаншарханұлы «Жобаға бағытталған оқыту технологиясы (Project-based Learning) – ProjectBL;», Азамбай Мүшел  «STEM әдістерін қолдану арқылы оқушыларды жоба жасауға қызықтыру»  тақырыптары бойынша заманауи жаңа инновациялық тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға зерттеу, шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін кіріктірілген ойын түрлерімен шебер-сыныптар көрсетілді.

Іс-шара   соңында, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған