«Балақайлар мектебі» курстарының салтанатты ашылу рәсімі өтті

2023 жылғы 1 тамыз күні Астана қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК    ұйымдастыруымен елордалық мемлекеттік мектептерде «Балақайлар мектебі» курстарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мақсаты – «Балақайлар мектебі» курстарын ұйымдастыру және енгізу мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық- еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.

Астана қаласы мемлекеттік мектептерінің бастауыш сынып  педагогтері биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерін білім ортасына бейімдеу үшін  2023 жылғы 1-25 тамыз аралығында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді даярлық курстарын жүргізеді. Курстарды оқыту жоспары ұлттық құндылықтарға негізделіп әзірленген  және ойын түрінде іске асырылады.

          Іс-шараға  Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Әдістемелік орталық әдіскерлері, елордалық бастауыш сынып педагогтері,сондай-ақ ата-аналар қатысты.

Қадамың құтты болсын, құлыншақ!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған