Ата-аналар мен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру жұмыстары

2023 жылғы 28 шілдеде күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарға сәйкес «Ұстаздар аллеясы» саябағында  «Ата-аналар мен сынып  жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру жұмыстары»тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мұғалімдерге ата-аналармен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда көмек көрсетуге, өзара түсіністікке қол жеткізуге, ата-аналармен араласуда ұтымды әдістерді үйрету мақсатында ұйымдастырылды..

Аталған семинарға Астана қаласының білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері, педагогтері мен ата-аналары қатысты.

Спикерлер ретінде:

– Ділдаева Қарлыгаш Дәулетхановна, №88 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;

– Қуанышбеков Жәнібек Талғатұлы, №43 «КББМО» педагог-кәсіби бағдар беруші;

– Орынбасарова Ардақ Кеңесовна, №93 мектеп-лицейінің педагог-психологі;

– Масалимова Ақкенже Қанатқызы, №43 «КББМО» ағылшын тілі мұғалімі сөз сөйледі.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар жаңа оқу жылында жұмыс істеу үшін жаңа ұсыныстар мен шабыт алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған