«Балақайлар мектебі» атты вебинар

Астана қаласының мемлекеттік мектептері биыл мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерін білім ортасына бейімдеу үшін  2023 жылғы 1-25 тамыз аралығында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді даярлық курстарын ұйымдастырады.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері 2023 жылғы 27 шілде күні бастауыш сынып педагогтеріне «Балақайлар мектебі» тақырыбында вебинар өткізді.

Мақсаты: «Балақайлар мектебі» курстарын ұйымдастыру және жүргізу

мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

Аталған іс-шараға елордалық мемлекеттік мектептердің 100-ден астам бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Орта білім беру бөлімінің әдіскері Н. Әзімбай және № 69 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Бапишева Р.С.  «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» мен оқу жоспарын таныстырып, курстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Курстарды оқыту жоспары ұлттық құндылықтарға  негізделіп әзірленгенін және ойын түрінде іске асырылатынын атап өткен жөн.

Іс-шараны әдіскер  Әзімбай Н.К. қорытындылып, рефлексия жүргізді.  Педагогтер тиімді кері байланыс беріп, өздерін толғантқан сұрақтарға толыққанды жауап алды.

 «Балақайлар мектебі» аясындағы жұмыс жоспарға сәйкес өз жалғасын табады. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған