2023 жылғы 19 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Ұстаздар аллеясы» саябағында «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің рөлі» тақырыбында TEDx форматында өтті.
Іс-шара барысында №35 мектеп-лицейінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Айдарбекова Асем Саткешевна «Проблемалық жағдайлар және олардың шешу жолдары» тақырыбын ашты. Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының педагог ұйымдастырушы Шанбаева Гайша Жаксылыковна «Бала тәрбиесі ортақ міндет», №23 орта мектептің кітапханашысы Мұхамедрахым Айдана Қайратқызы «Қазіргі жастарды кітап оқуға қалай қызықтырамыз» тақырыбын жасады.
Сондай-ақ, «Мен оқыған кітап…!», READх жобасы аясында келесі спикерлер сөз сөйледі:
1. Нурхайдарова Жанерке, №23 орта мектеп 7 сынып оқушысы, Джон Маррс «Пассажиры»;
2. Нартай Айдана Азаматқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназия 9 сынып оқушысы, Альбер Камю «Оба»;
3. Абишева Амина, №20 орта мектептің 2 сынып оқушысы
Орыс халық ертегісі «Белая уточка»;
4. Исаева Ляззат Бимырзаевна, №20 орта мектептің бастауыш мұғалімі, Робин Шарма «Как монах продал свой Феррари».