Білім беру ұйымдарында арнайы сыныптар ашу бойынша отырыс өтті

2023 жылғы 30 маусым күні Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында арнайы сыныптар ашу бойынша отырыс  өтті.

Отырысқа №№20,23,24,95 білім беру ұйымдарының директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, №№1,2,3 арнайы мектептердің директорлары және ПМПК басшылары қатысты.

Отырыс барысында білім беру ұйымдарында зиятының жеңіл түрде бұзылыстары бар оқушыларға арналған арнайы сыныптар ашу және білім алуға жағдай жасау, зиятының жеңіл түрде бұзылыстары бар оқушыларға арналған білім берудің үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламалары, зерде бұзылыстары бар балаларды арнайы сыныпта оқытылуын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы мәселелер қаралды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған