«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тұлғаны үйлесімді жан-жақты дамытуда арт-терапия әдістерін қолданудың маңыздылығы»

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2023 жылдың 29 маусым күні Ұстаздар саябағында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тұлғаны үйлесімді жан-жақты дамытуда арт-терапия әдістерін қолданудың маңыздылығы» тақырыбында шебер-сынып өтті.

«Арт-терапия» – терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Арт-терапия – бұл емдеу ғана емес, сонымен қатар креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек көрсету. Терапияның бұл түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие екендігі белгілі. Арт-терапия – балалармен психологиялық жұмыс жүргізуде орны баға жетпес әрі өте тиімді әдіс.

Іс-шарада арт-терапияның үш бағыты бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда қолданылатын арт-терапияның бірнеше әдіс-тәсілдері ұсынылған шебер-сыныптар өткізілді.

Шебер сынып барысында «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасының педагогтері арт-терапия әдістерін қолданудың маңыздылығын айтып кетті. Іс-шарада «Балаларға арналған арт-терапия: психологиялық әдістің пайдасы», «Самұрық құсына көмек жасаймыз», «Менің әлемім», «Балаларға арналған би-қозғалыс терапиясы», «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолдану» тақырыптарында педагогтерге шебер-сыныптар ұйымдастырылды.

Іс-шараға 60-қа жуық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, ата-аналар, және қала тұрғындары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған