Әдістемелік орталықтың жазғы жұмыс жоспары

Әдістемелік орталықтың жазғы жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылғы 29 маусымда орталық қызметкерлеріне арналған отырыс өткізілді.

Отырыс барысында жаңа-оқу жылына дайындалған Нұсқаулық-әдістемелік хат жобасын талқылау, 2023 жылғы тамыз конференциясына дайындықтың жүргізілуі және тамыз конференциясына ағымдағы оқу жылында атқарылған іс-шаралар бойынша жинақ дайындау, жазғы кезеңдегі педагогтер аллеясында өткізілетін іс-шаралар туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ бөлім басшылары аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарымен бөлісті.

Отырыс соңында басшы орынбасары А. К. Мұхамеджанова талқыланған мәселелер бойынша ары қарай атқарылатын шаралар туралы нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған