Мектеп директорларына  арналған семинар-практикум өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусымында  №77 мектеп-гимназиясының базасында Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Білім басқармасы мен әдістемелік орталығы бірігіп жасаған жоспары негізінде мектеп директорларына  арналған семинар-практикум өтті.
Семинарға әдістемелік орталықтың басшылары, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, әдіскерлер, мектеп директорлары қатыстысты.
Аталған іс-шарада Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері 2023 жылдың 2-жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттация өтетін мектептерді нормативтік құжаттармен таныстырып, өзін-өзі бағалауын сапалы дайындау мәселесін толығырақ талқылады. Өзін-өзі бағалау құжаты бойынша  түсініктемелер беріліп, сондай-ақ білім беру ұйымдарын аттестаттау барысында жалпы кездесетін және қайталанатын бұзушылықтар мен ескертурлерге көңіл бөлінді.
Әдістемелік орталықтың басшысы С.Дауешова 2023 жылдың наурыз-мамыр айларында мемлекеттік аттестациядан өтетін мемлекеттік мектептерге әдіскерлермен аттестацияға сапалы дайындау мақсатында әдістемелік көмек берілгенін және тамыз айынан бастап жекеменшік мектептерге де сондай көмек берілетінін хабарлады.
Семинар соңында мектеп басшылары Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің  өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған