Студенттерді емтиханға дайындауда психологиялық қолдау

2023 жылғы 16 маусымда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Жас психолог мектебі» аясында колледждердің жас педагог-психологтеріне «Студенттерді емтиханға дайындауда психологиялық қолдау»

тақырыбында семинар-практикум өткізді Семинардың мақсаты: студенттерді емтихан тапсыруға психологиялық дайындау; 10 жас маман қатысты.

Модератор ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К.М. Хамзина сөз сөйлеп, тақырыптың өзектілігіне үлкен мән бере отырып, студент үшін әрбір емтихан күшті эмоционалдық стресс болып табылатынын айтты.

Медициналық-техникалық колледжінің педагог-психологі Р. К. Арысбаева өз сөзінде емтихан кезінде педагог-психологтің студенттермен жұмысының кейбір аспектілеріне толығырақ тоқталып, студенттерді психологиялық қолдаудың әртүрлі әдістерін көрсетті. Әрі қарай стрессті жеңілдету тәсілдерін, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу дағдыларын бекітуге арналған жаттығуларды жүргізіп, педагог-психологтердің білім алушылармен жұмыс істеуінің қолжетімді әдістерінің бірі ретінде позитивті ойлауды дамытуды көрсетті.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар кері байланыста өз пікірлерін білдіріп, психологтің күнделікті жұмысында қажетті техникалар үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған