Әкелер күні

Бүгін, 18 маусым күні Астанада Ботаникалық саябақта тұңғыш рет Әкелер күнін мерекелеу аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен Астана қаласы Білім басқармасының, Астана қаласының Әдістемелік орталығы және Әкелер одағының ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» open talks аясында 10 алаң ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, ынталы ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын арттыру. Іс-шара аясында Әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды, онда педагогтердің, шебер-қолөнершілер мен жас суретшілердің жұмыстары ұсынылды.

Іс-шараға Астана қаласы мектептерінің, балабақшалар дың, қосымша білім беру үйымдарының үздік сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, педагогтері, ата-аналары мен білім алушылары қатысты. Ботаникалық бақта қонақтар үшін 10 алаң ұйымдастырылды: ұлттық қолөнер шеберханасы Гүлнар Дотей №55 орта мектептің мұғалімі, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының педагогі Шайза Болатханның гончар жұмыстары, Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының педагогі Гүлмира Айтбаева, кілем тоқу, № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығының «Аквагрим» Гүлсара Рахимбаева, Айсұлу Нұрқасымова, «Жас суретші» шеберлік сыныбы №2 өнер мектебінің педагогі, суретші Руслан Қуанов, «Лабиринт» квест-ойындары № 70 «Құлыншақ» балабақшасының педагогі Құндыз Мәдішева, Гаухар Мәжітова, «Интеллектум логика ойындарының тиімділігі», «Бестемше» ұлттық ойындары №5 «Ақбота» балабақшасының педагогі Райгүл Намазбаева «Қызылты stem-әлемі» №11 «Гауһар» балабақшасының педагогтері Айнұр Әмірханова, Гүлжан Дюсебаева, «Алуан түсті акварель» №19 «Балбөбек» балабақшасының педагогтері Мадина Нұранова, Тукесбаева Нұргүл Тукесбаева, Каренеева Венера.

Іс-шараға, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және Елорда тұрғындары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған